Новости

Қарағандыда 800 млн теңгеге ет комбинаты ашылды!

Қарағанды облысының Абай ауданында инвестиция көлемі 800 млн теңгені құрайтын Alisha Group ет өңдеу кешенінің құрылысы аяқталды. Кәсіпорын салқындатылған және мұздатылған ет, консервілер мен вакуумдық қаптамадағы өнімдер шығаратын болады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда 800 млн теңгеге ет комбинаты ашылды!
Ет өңдеу кешені жылына 2400 тоннаға дейін өнім өндіруге есептелген. Кешенге мал сою пункті, ет өңдеу және консервілеу желісі, сондай-ақ қой фермасы кіреді. Мұнда тәулігіне 300 бас ұсақ және 50 бас ірі қара мал өңделеді. Шикізат жергілікті фермерлерден сатып алынады, ал кейінірек өзінің шаруашылығын дамытады. Alisha Group бас директоры Рустам Қалиевтің айтуынша, кәсіпорын сапа мен экспорттың жоғары стандарттарына бағдарланған.