Қазақстанда биыл 21 млн гектарға жуық егіс алқабы қамтылды
Қазақстанда 3 маусымдағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 20,9 млн га алқапқа егілді. Жалпы егіс алқабы 23,8 млн га құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Июнь 20:58
Редакция Agrokz.com
8
1 мин чтения
Облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша ең үлкен аумақты дәнді дақылдар алады - 15 млн га. Майлы дақылдар 4,2 млн га, жемшөп дақылдары - 1,2 млн га егілді. Бұдан басқа, мақта 164,3 мың га, картоп - 128,4 мың га, көкөністер - 122,1 мың га, бақша дақылдары - 83,9 мың га, қант қызылшасы - 22 мың га егілді.
Ең қарқынды егіс науқаны еліміздің негізгі астық егетін аймақтарында өтуде. Ақмола облысында 5,3 млн га, Қостанай облысында - 5 млн га, Солтүстік Қазақстан облысында - 4,1 млн га егілді.
Егіс науқанын жүргізу үшін 133,9 мыңнан астам трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді тұқым себу кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу құралы пайдаланылды.