Қазақстанда күздік дақылдардан 1,3 млн тонна өнім жиналды
Қазақстанда күздік дақылдарды жинау іс жүзінде аяқталды. Орташа өнімділігі 19,1 ц/га болған кезде 1,3 млн тонна астық, оның ішінде 890,4 мың тонна бидай бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
4 Авг 16:43
Редакция Agrokz.com
20
1 мин чтения
Сонымен қатар, көкөніс-бақша өнімдерін жинау жалғасуда. Бүгінгі таңда 339 мың тонна көкөніс және 140 мың тонна бақша дақылдары жиналды.
Өңірлердің деректері бойынша дәнді және майлы дақылдардың 99%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Егінді үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ету үшін элеваторлық қуаттарды босату жұмыстары жүргізілуде.
Qoldau.kz порталының деректері бойынша лицензияланған астық қоймаларында бүгінде 2,4 млн тонна астық қалады, еркін сақтау көлемі 10,8 млн тоннаға жетеді. Бұл жаңа егінді шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді.
Егін жинау науқанының барысы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңесте талқыланды. Ведомство басшысы Айдарбек Сапаров әкімдіктерге жанар-жағармай материалдарының уақтылы жеткізілуіне, ауыл шаруашылығы техникасының, астық кептіру кешендерінің, элеваторлар мен қойма үй-жайларының дайындығына қатаң бақылауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ туындайтын мәселелерді жедел шешумен жинау жұмыстарының күнделікті мониторингін ұйымдастыруды тапсырды.