Новости

Қостанайдағы бұқалар байқауында Герефорд Титан бас жүлдені иеленді

Өңірдің үздік бұқалары «Қостанай облысының ең ауыр бұқасы» байқауында абсолютті чемпион атағы үшін жарысқа түсті. Байқау 31 шілдеде «Қостанай дала фестивалі» агрофестивалі аясында өтті.

Қостанайдағы бұқалар байқауында Герефорд Титан бас жүлдені иеленді
Қатысушылардың арасында Қазақстандағы ең танымал етті бағыттағы 10 бұқа болды: әулиекөл, қазақ ақбас, абердин ангус және герефорд. Оларды «Москалевское», «Диевская» Агрофирмасы», «Крымское», «Қорғау» және т.б. озық асыл тұқымды репродукторлар ұсынды. Бұқалар әртүрлі жаста болды - 16 айдан 8 жасқа дейін. Тиісінше, олардың дамуы мен семіздігі әртүрлі болды. Жарысқа қатысушылардың салмағы 500 кг және одан жоғары болды. Ең ауыры салмағы 1020 кг болатын герефорд Титан болды. Ол абсолютті чемпион атағын алды. Алпауыт «Олжа Арыстан ПК» репродукторында туып-өскен. Ол 25 кг салмақта дүниеге келді, ал бір жасында ол 402 кг жинады. Ол қазір 4 жас 4 айлық, бұл жетілген асыл тұқымды бұқа үшін ең қолайлы жас.