Түркістан облысында агродрондар өндірісі іске қосылды!
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) құрастыратын зауыт жұмысын бастады. Жылына 500 бірлік техника өндіруге қауқарлы бұл жоба «Avatar Agricultural Technology Development» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды.
5 Июнь 11:14
Редакция Agrokz.com
3
1 мин чтения
Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарына арналған. Бір ұшқышсыз аппарат 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, егіс алқаптарының 5 гектарына дейінгі аумағын өңдей алады. Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарына арналған. Бір ұшқышсыз аппарат 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, егіс алқаптарының 5 гектарына дейінгі аумағын өңдей алады. Алдағы уақытта кәсіпорын шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді игеру көзделуде.